Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 мамыр – Достық пен татулық басты құндылық
30
сәуір
2026

1 мамыр – Достық пен татулық басты құндылық

Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 5-сынып оқушылары арасында «1 мамыр – Достық пен татулық басты құндылық» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараға 7 сынып қатысып, жеребе арқылы берілген түрлі ұлттардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін ерекше форматта таныстырды. Қатысушылар сол ұлттың тілінде таныстыру жасап, ұлттық киімдері, билері мен сахналық қойылымдары арқылы достық пен бірліктің маңызын әсерлі жеткізе білді.

Мерекелік бағдарлама барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттері, ұйымшылдығы және сахна мәдениеті жоғары деңгейде көрініс тапты. Іс-шара көпұлтты мәдениеттің әсем үлгісін насихаттап, оқушылардың өзге ұлт өкілдеріне деген құрметі мен толеранттылық қасиеттерін арттыруға ықпал етті.

Мектеп ұжымы мерекелік шараға белсенді қатысқан барлық сыныптарға алғысын білдіреді.

Видеоны төмендегі сілтеме арқылы тамашалауға болады https://www.instagram.com/p/DYCR6lOKHO0/?hl=ru























Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: