Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
мамыр
2026

Ұрпақтарға ұран болған – Ұлы Жеңіс

Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 9 мамыр – Жеңіс күніне орай “Ұрпақтарға ұран болған – Ұлы Жеңіс” атты мерекелік концерт өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігін ұлықтау және бейбіт өмірдің қадірін насихаттау болды.

Мерекелік кеш барысында білім алушылар патриоттық әндер орындап, тағылымды жыр-өлеңдер оқып, сахналық қойылымдар арқылы батыр бабаларымыздың қайсар рухын дәріптеді. Сонымен қатар, ел қорғаған ерлердің ерлігіне тағзым жасалып, ардагерлерге деген құрмет ерекше көрініс тапты.

Концерт жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Осындай тағылымы мол тәрбиелік шаралар жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, елжандылық рухын нығайтуға ықпал етеді.

 Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран!
 Жеңіс рухы – мәңгі жүрегімізде!

Төмендегі сілтеме арқылы тамашалай аласыздар. https://www.instagram.com/p/DYGjoLoK28Z/?hl=ru
















Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: