30
сәуір
2026
“Адал азамат” – театр өнеріндегі жетістік
“Адал азамат” Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Театрдың ғажайып әлемі» балалар театры өнерінің республикалық фестиваль-байқауының ІХ қалалық кезеңінде Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының 8 “А” сынып оқушысы Нұрсұлтан Кәусар жоғары жетістікке қол жеткізді.
Аталған байқауда оқушы «Үздік жас актриса» номинациясымен марапатталып, өзінің шығармашылық қабілеті мен өнерге деген ерекше талғамын көрсетті.
Бұл жетістік – оқушының еңбегі мен ізденісінің, сондай-ақ жетекшісінің жүйелі еңбегінің нәтижесі.
Жетекшісі: Спан Еламан.
Мектебіміз ұжымын және оқушымызды лайықты марапатымен құттықтаймыз!

