Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Отан үшін жан қиғандар жүректерде мәңгі
08
мамыр
2026

Отан үшін жан қиғандар жүректерде мәңгі

Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназия кітапханасында 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай «Отан үшін жан қиғандар жүректерде мәңгі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты – жас ұрпаққа Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батырлардың ерлігін насихаттау, отансүйгіштік рухта тәрбиелеу және тарихи жадымызды жаңғырту болып табылады.

Іс-шара барысында 3 «А» сынып оқушылары Дыбо А., Жұмаден А., сондай-ақ 6 «В» сынып оқушылары Татыгулова А., Әбдімұхамед І., Нұрқасым А. Отан, ерлік және Жеңіс тақырыптарына арналған өлең жолдарын мәнерлеп оқып, мерекелік шараның мазмұнын аша түсті.

Кітап көрмесінде Ұлы Жеңіс тарихына арналған құнды әдебиеттер мен батырлар туралы шығармалар таныстырылып, оқушыларға тағылымы мол мәліметтер ұсынылды.

Төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар. ​https://www.instagram.com/p/DYJYBNkKD1H/?hl=ru​​​









Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: