Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Анаға тағзым – анаға құрмет» челленджі
11
мамыр
2026

«Анаға тағзым – анаға құрмет» челленджі

Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының 7 «Г» сынып оқушылары 10 мамыр күні әлеуметтік желіде ұйымдастырылған «Анаға тағзым – анаға құрмет» челленджіне белсене қатысты.

Ана – өмірдің шуағы, отбасының тірегі, мейірім мен махаббаттың символы. Осы орайда білім алушылар өз аналарына деген ыстық ықыластары мен жүрекжарды тілектерін арнап, шынайы құрмет пен алғыстарын білдірді.

Челлендж барысында оқушылар анаға деген сүйіспеншілік пен ізетті насихаттап, отбасы құндылықтарын дәріптеуге өз үлестерін қосты. Бұл бастама көпшілікке ерекше әсер қалдырды.

Ана – әр адамның өміріндегі ең қымбат жан. Сондықтан анаға құрмет көрсету – әрбір перзенттің қасиетті парызы.

 Анаға тағзым – мәңгілік құрмет!

Төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар. https://www.instagram.com/p/DYKUDueKSNI/?hl=ru















Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: