22
қыркүйек
2025
Ұлттық диктант – тілге құрмет, азаматтық жауапкершілік
2025 жылдың 22 қыркүйегінде Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 5–10 сынып оқушылары республикалық «Ұлттық диктант» акциясына белсене қатысты.
Бұл мәдени-ағартушылық шара – тек жазу сауаттылығын тексерудің құралы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік тілге деген құрметтің, азаматтық белсенділік пен тіл мәдениетінің қалыптасуының айқын көрінісі.
Диктант жазу барысында оқушылар:
қазақ тілінде сауатты жазу дағдыларын жетілдірді;
ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін нақты іспен көрсетті;
жалпыұлттық тілдік бірлікке өз үлестерін қосты.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді көздейтін бұл бастамаға мектебіміздің оқушылары зор ынтамен және жауапкершілікпен қатысты.
https://www.instagram.com/p/DO87pSTCrNZ/