№148 мектеп-гимназияның 5Е сыныбының оқушысы Бекмұқамбет Ілияс ҰОС кезінде тылда еңбек еткен ата-апасын үлгі етеді » КГУ «Школа-гимназия № 148» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №148 мектеп-гимназияның 5Е сыныбының оқушысы Бекмұқамбет Ілияс ҰОС кезінде тылда еңбек еткен ата-апасын үлгі етеді
07
мамыр
2020

№148 мектеп-гимназияның 5Е сыныбының оқушысы Бекмұқамбет Ілияс ҰОС кезінде тылда еңбек еткен ата-апасын үлгі етеді

№148 мектеп-гимназияның 5Е сыныбының оқушысы Бекмұқамбет Ілияс ҰОС кезінде тылда еңбек еткен ата-апасын үлгі етеді. Ұлы жеңістің 75 жылдығына қарсы соғыста ерлік көрсеткен батырларымызбен қатар, тылда ерең еңбек еткен ата-апаларымыз жөнінде айта кеткеніміз жөн сияқты. Менің атам Таурбаев Маштай 1912 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданында дүниеге келген. Денсаулығына байланысты соғысқа қатыспаған, бірақ тылда қалған халықпен бірге бар ауыртпашылықты бірге көтерген. Атам саяси қызметте болып, жеңісті жақындатуға үлкен үлес қосқан. Атамның еңбегін бағалап, соғыс біткен соң 2 медаль берілген. Менің үлкен апам Таурбаева Қызай Жамбыл ауданы, Бесжылдық колхозында туылған. Соғыс кезінде масақ жинап, әлі келетін жұмысқа қатысқан. "Мектеп жабылып, мұғалімдер соғысқа кеткен кез. Хат танитын болған соң, жас болсам да мұғалім болдым, өзімнен үлкен балаларға сабақ бердім"- деп айтатын апам. Ұстаздық дипломын кейін алған. 1995 жылы жеңістің 50 жылдығына орай, мерекелік медальмен менің апам да марапатталды. Мен атамды, апамды мақтан тұтамын!
@zhetisu_roo
@edu.almaty
@aliakbarovafatima
@kikimov_maksat
@omarov6072 
View this post on Instagram

№148 мектеп-гимназияның 5Е сыныбының оқушысы Бекмұқамбет Ілияс ҰОС кезінде тылда еңбек еткен ата-апасын үлгі етеді. Ұлы жеңістің 75 жылдығына қарсы соғыста ерлік көрсеткен батырларымызбен қатар, тылда ерең еңбек еткен ата-апаларымыз жөнінде айта кеткеніміз жөн сияқты. Менің атам Таурбаев Маштай 1912 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданында дүниеге келген. Денсаулығына байланысты соғысқа қатыспаған, бірақ тылда қалған халықпен бірге бар ауыртпашылықты бірге көтерген. Атам саяси қызметте болып, жеңісті жақындатуға үлкен үлес қосқан. Атамның еңбегін бағалап, соғыс біткен соң 2 медаль берілген. Менің үлкен апам Таурбаева Қызай Жамбыл ауданы, Бесжылдық колхозында туылған. Соғыс кезінде масақ жинап, әлі келетін жұмысқа қатысқан. "Мектеп жабылып, мұғалімдер соғысқа кеткен кез. Хат танитын болған соң, жас болсам да мұғалім болдым, өзімнен үлкен балаларға сабақ бердім"- деп айтатын апам. Ұстаздық дипломын кейін алған. 1995 жылы жеңістің 50 жылдығына орай, мерекелік медальмен менің апам да марапатталды. Мен атамды, апамды мақтан тұтамын!!! @zhetisu_roo @edu.almaty @aliakbarovafatima @kikimov_maksat @omarov6072

A post shared by 148 мектеп-гимназия КММ (@shkola_gimnaziya_148) on

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: