Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
№148 мектеп-гимназияда бұқаралық спортты дамыту, жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, балалардың бос уақытын ұтымды пайдалану мақсатында және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша бокс т.б. спорттық секциялар жұмыс жасайды.
08
қазан
2021
№148 мектеп-гимназияда бұқаралық спортты дамыту, жас ұрпақтың
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияда бұқаралық спортты дамыту, жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, балалардың бос уақытын ұтымды пайдалану мақсатында және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша бокс, гандбол, футбол, баскетбол, волейбол, тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, бес асық, үстел теннисі спорттық секциялар жұмыс жасайды.  
№148 мектеп-гимназиясының кітапханашысы Каримова Толқынай Білім басқармасының басшысының алғыс хатымен марапатталды
05
қазан
2021
№148 мектеп-гимназиясының кітапханашысы Каримова Толқынай Білім
Жетысу ауданы №148 мектеп-гимназиясының кітапханашысы Каримова Толқынай  оқу және тәрбие беру процестерін ұйымдастыруға, өскелең ұрпақта зияткерлікті қалыптастыруға және адамгершілікке тәрбиелеуге қосқан елеулі үлесі, білім саласындағы адал еңбегі үшін  Білім басқармасының басшысының алғыс хатымен марапатталды.  
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияда мектептің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес "Ұлы дала өркениеттері" тақырыбында эстетика кафедрасының онкүндігі өтіп жатыр
04
қазан
2021
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияда мектептің оқу-тәрбие жоспарына
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияда мектептің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес "Ұлы дала өркениеттері" тақырыбында эстетика кафедрасының онкүндігі өтіп жатыр. Онкүндік аясында "Ұлттық қолөнер - тәрбие көзі" атты көрме ұйымдастырылды. #ҰлыДалаӨркениеттері  ​https://www.instagram.com/p/CUrsgXtF22r/​​​
№148 мектеп-гимназияның көркем еңбек пәнінің мұғалімі КОДЕКОВ ҚАНАҒАТ ҚАЛИҰЛЫ  Қостанай қаласында өткізілген Республикалық "ҮЗДІК ПЕДАГОГ - 2021" конкурсының жеңімпазы атанды
30
қыркүйек
2021
№148 мектеп-гимназияның көркем еңбек пәнінің мұғалімі КОДЕКОВ ҚАНАҒАТ
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияның көркем еңбек пәнінің мұғалімі КОДЕКОВ ҚАНАҒАТ ҚАЛИҰЛЫ жыл сайын мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында ұйымдастырылатын биылғы жылы марапаттау рәсімі Қостанай қаласында өткізілген Республикалық "ҮЗДІК ПЕДАГОГ - 2021" конкурсының жеңімпазы атанды. Республикалық деңгейдегі жеңісімен өз ісінің шебері, талай шәкіртті білім нәрімен сусындатып келе жатқан Қанағат ағайды құттықтаймыз! Әріптесімізбен мақтанамыз!
10 сыныптар арасында ағылшын тілінен "Language is the road map of a culture" тақырыбында интеллектуалды шоу өтілді
28
қыркүйек
2021
10 сыныптар арасында ағылшын тілінен "Language is the road map of a
Жетісу ауданы #148 мектеп-гимназияда Жетісу ауданы Білім бөлімінің жоспары негізінде, мектептің жоспарына сәйкес Тілдер апталығы аясында оқушылардың ой өрісін, логикалық ойлауын дамыту мен ағылшын тіліне қызығушылығын арттыру мақсатында 10 сыныптар арасында ағылшын тілінен "Language is the road map of a culture" тақырыбында интеллектуалды шоу өтілді. Нәтижесінде 10Ә сыныбы 1орын, 10В 2орын, 10А 3орындарды иеленді. #148_мг_шәкірттерімен_мақтанады 
"Түнгі қаладағы балалар" дәстүрлі республикалық акциясы аясында кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытты көшеде жүрмеуін бақылап, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында рейд жұмыстарын жүргізіп жатыр
18
қыркүйек
2021
"Түнгі қаладағы балалар" дәстүрлі республикалық акциясы аясында
Жетісу ауданы #148 мектеп-гимназияның мұғалімдері Алматы қаласының Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің хатына және Жетісу аудандық Білім бөлімінің тапсырмасына сәйкес, "Түнгі қаладағы балалар" дәстүрлі республикалық акциясы аясында кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытты көшеде жүрмеуін бақылап, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында рейд жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Жаңа оқу жылында, "Білім күніне" орай Нұр-Сұлтан қаласының орталық саябағындағы «Атырау» көпірінде қазақстандық мұғалімдерге арналған фотокөрме ұйымдастырылды
01
қыркүйек
2021
Жаңа оқу жылында, "Білім күніне" орай Нұр-Сұлтан қаласының орталық
Жаңа оқу жылында, "Білім күніне" орай Нұр-Сұлтан қаласының орталық саябағындағы «Атырау» көпірінде қазақстандық мұғалімдерге арналған фотокөрме ұйымдастырылды. 10 қыркүйекке дейін жалғасатын іс-шарада еліміздің түкпір-түкпірінен іріктелген 100 педагогтің портреті қойылған. Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі МЕРГЕНБАЕВА НАЗИГҮЛ ОРАЗБАЙҚЫЗЫ мен математика пәнінің мұғалімі ДОРВЕТХАН ГҮЛЖАННЫҢ суреттері Республиканың 100 ұстазының көрмесінен орын алған. Біздің мектептің
№148 мектеп - гимназия
30
тамыз
2021
№148 мектеп - гимназия
Жетісу ауданы #148 мектеп-гимназия ғимаратының кіреберіс бірінші қабаттағы екі блогы күрделі жөндеуден өтті. Модернизацияланған мектеп ғимаратында оқушылардың бос уақытын өте тиімді өткізуге барлық жағдай жасалған. Кітап оқу, ғаламтордан пайдалы ақпарат іздеу сияқты қызыққа толы уақыт өткізуге болады. ​https://www.instagram.com/p/CTG979mlkAC​​​  
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында қалада «Құқықтық мәдениет» құқықтық сауаттылық айлығы басталды
19
тамыз
2021
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында қалада «Құқықтық мәдениет»
Құрметті Жетісу ауданының тұрғындары! «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында қалада «Құқықтық мәдениет» құқықтық сауаттылық айлығы басталатынын хабарлаймыз. Жетісу ауданының тұрғындары ағымдағы жылдың 18-21 ші тамыз аралығында адвокаттар, медиаторлар мен тәжірибелі заңгерлерден ТЕГІН заңгерлік кеңес ала аласыздар.   Консультацияны ОФЛАЙН режимінде  сағ 10:00 – 17:00 дейін Жастар ресурстық орталығы (Алматы қаласы, Серикова 6А) немесе ОНЛАЙН телефон арқылы алуға болады: WhatsApp +7 701 288 66 99.