АДАЛДЫҚ – АРДЫҢ ІСІ » КГУ «Школа-гимназия № 148» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
қазан
2021

АДАЛДЫҚ – АРДЫҢ ІСІ

АДАЛДЫҚ – АРДЫҢ ІСІ

Адалдық – адам баласының бойындағы баға жетпес, кіршіксіз таза, асыл қасиеттерінің бірі. Әйтсе де оны ар таразысымен өлшеу –  әркімнің жүрек тазалығына байланысты деп білген жөн.  Болашақ ел діңгектерін тәрбиелей отырып, олардың жаман қылықтан аулақ болып, тиісінше көптеген жақсы іс-әрекеттер арқылы сана-сезімін ояту, өзгенің ақысын жемеу, ұрлыққа жол бермеу, адалдыққа тәрбиелеу мақсатындағы    бірнеше рет ұйымдастырылып келе жатқан бұл жоба көптің көңілінен шығып келеді.  Бұл ретте «Адал ұрпақ» жобасы аясында Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Құлагер мөлтек ауданында орналасқан №148 мектеп-гимназиясында  директордың тәрбие жөніндегі орынбасарлары – Ыдаят Бектасқызы мен Әсем Бауыржанқызының    бастауымен, белсенді 10-11-сынып оқушыларының атсалысуымен «Адалдық дүкені» жұмыс жасап келеді.  Білім беру ордасының ардақтысы да маңыздысы –  мектеп. Сондықтан да жыл сайын 2000-ға жуық бала оқитын мектеп-гимназияның асханасында орналасқан бұл «Адалдық дүкенінің» басты мақсаты –  өскелең ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыру болса, бір көмегі: асхана кезегінде тұрған оқушылардың сабақтан кешігу жағдайларының алдын алады. Бір-біріне сабақтасатын үлкен мәселелердің  кішкентай жағдаяттан басталатынын ескерсек, тәрбие мен уақыт ұғымын байланыстыратын жаңа игі жобаның жол тапқанына ұстаздар мен оқушылар дән риза. 


Қалдыбек Ақерке, №148 мектеп-гимназияның 10-сынып оқушысы

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: