Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Абай салған дара жол" халықаралық өнер және білім байқауы
30
қазан
2020
"Абай салған дара жол" халықаралық өнер және білім байқауы
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияның 6Б сынып оқушысы Шаяхмет Дінмұхамед АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА арналған "Абай салған дара жол" халықаралық өнер және білім байқауына қатысып "Аспапта орындаушылық" бөлімі бойынша І ОРЫН иеленді. Жетекшісі Қойлышев Серікқұл. Құттықтаймыз!
№148 мектеп-гимназияда мектеп психологының жұмыс жоспары аясында Ләйлә Ерекенқызы "Өмірлік мақсат- өміріміздің мәні" тақырыбында 10В сынып оқушыларына онлайн дәріс өткізді.
29
қазан
2020
№148 мектеп-гимназияда мектеп психологының жұмыс жоспары аясында
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияда мектеп психологының жұмыс жоспары аясында Ләйлә Ерекенқызы "Өмірлік мақсат- өміріміздің мәні" тақырыбында 10В сынып оқушыларына онлайн дәріс өткізді. Өмірлік мақсат адамның өз әрекеттері арқылы жетуге талпынатын нәтиже. Әр адамның дамуы үшін алға жылжуы үшін мақсаттың орны ерекше екені айтылды.
"Абай салған дара жол" халықаралық өнер және білім байқауы
29
қазан
2020
"Абай салған дара жол" халықаралық өнер және білім байқауы
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияның 9Ә сынып оқушысы Көшекбай Ақбота АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА арналған "Абай салған дара жол" халықаралық өнер және білім байқауына қатысып "Аспапта орындаушылық" бөлімі бойынша БАС ЖҮЛДЕ иеленді. Жетекшісі Қойлышев Серікқұл. Құттықтаймыз!
"Шемкент 2020 - ТМД-ның мәдени астанасы" жылы аясында Достастық елдері арасында өткен "Шымкент - қайырымды қала" балалар шығармашылығына арналған онлайн-фестивалінде "Бейнелеу өнері" номинациясы бойынша оқушыларымыз марапатталды
28
қазан
2020
"Шемкент 2020 - ТМД-ның мәдени астанасы" жылы аясында Достастық
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияның оқушылары Бақнұр Тұрабек пен Маржан Қалдыбай "Шемкент 2020 - ТМД-ның мәдени астанасы" жылы аясында Достастық елдері арасында өткен "Шымкент - қайырымды қала" балалар шығармашылығына арналған онлайн-фестивалінде "Бейнелеу өнері" номинациясы бойынша марапатталды. Жетекшілері Орынбеков Дәурен Тұрарбекұлы. Құттықтаймыз!
"Алтын қазына" атты көркемөнер және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының көрме байқауы
28
қазан
2020
"Алтын қазына" атты көркемөнер және сәндік-қолданбалы балалар
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияның 8Ж сынып оқушысы Садықан Дінмұхамед қалалық "Алтын қазына" атты көркемөнер және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының көрме байқауына қатысқаны үшін марапатталды. Жетекшісі Кодеков Қанағат Қалиұлы. Құттықтаймыз!
1-сынып оқушыларына "Кітап еліне қош келдің!" тақырыбында кітапханаға саяхат өткізілді
27
қазан
2020
1-сынып оқушыларына "Кітап еліне қош келдің!" тақырыбында кітапханаға
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияда Жетісу ауданы Білім бөлімінің тапсырмасы аясында, мектеп кітапханашыларының жылдық жоспары негізінде 1-сынып оқушыларына "Кітап еліне қош келдің!" тақырыбында кітапханаға саяхат өткізілді. 
«Психоактивті заттарды қолданудың алдын-алу» атты онлайн-дәріс  өтті
26
қазан
2020
«Психоактивті заттарды қолданудың алдын-алу» атты онлайн-дәріс өтті
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияда Жетісу аудандық Білім бөлімінің тапсырмасын негізінде, мектептің МББМҒО бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес, 23.10.2020 күні дәрігер-нарколог С.К.Кеңесбекова 10-сыныптың 100 оқушысына «Психоактивті заттарды қолданудың алдын-алу» атты онлайн-дәріс оқыды. Дәрісте оқушыларға психоактивті заттарды, алкоголь мен темекіні қабылдаудың жағымсыз салдары туралы толық ақпарат айтылды.
№148 мектеп-гимназияның оқушылары Өміртайұлы Хақназар мен Нұрғазы Жасұлан қалалық "Алтын қазына" атты көркемөнер және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының көрме байқауына қатысқаны үшін марапатталды.
26
қазан
2020
№148 мектеп-гимназияның оқушылары Өміртайұлы Хақназар мен Нұрғазы
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияның оқушылары Өміртайұлы Хақназар мен Нұрғазы Жасұлан қалалық "Алтын қазына" атты көркемөнер және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының көрме байқауына қатысқаны үшін марапатталды. Жетекшілері Орынбеков Дәурен Тұрарбекұлы. Құттықтаймыз!
Халықаралық "Жібек жолы" ән-би, жыр-күй жасөспірімдер мен жастар арасындағы өнер байқауы
24
қазан
2020
Халықаралық "Жібек жолы" ән-би, жыр-күй жасөспірімдер мен жастар
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияның 5-6 сынып оқушылары Халықаралық "Жібек жолы" ән-би, жыр-күй жасөспірімдер мен жастар арасындағы өнер байқауына қатысып, көркем сөз  жанры бойынша жүлделі орындарды иеленді. Жетекшісі Әбдімауленова Әсем.
Қашықтан оқыту кезіндегі бастауыш сыныптарды бақылау
24
қазан
2020
Қашықтан оқыту кезіндегі бастауыш сыныптарды бақылау
Жетісу ауданы № 148 мектеп-гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Садырқұлова Ұлмира Салқынбекқызы бастауыш сынып оқушыларының қашықтықтан алып отырған білім сапасын бақылау мақсатында мұғалімдердің сабақтарына қатысып, талдау жұмыстарын жүргізді.