Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Республика күніне арналған сурет көрмесі
22
қазан
2025
Республика күніне арналған сурет көрмесі
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 25 қазан – Республика күніне орай оқушылардың шығармашылық еңбектері мен өнер туындыларының көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің негізгі мақсаты – жас ұрпақты Отанға деген патриоттық сезімге тәрбиелеу, ұлттық мәдениет пен дәстүрді дәріптеу, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Көрмеге әр сыныптан оқушылар өз туындыларын ұсынды. Онда Қазақстанның тарихы мен табиғаты, елдің мәдениеті мен дәстүрі көркем бейнеленген жұмыстар қойылды.
Салауатты өмір салтын насихаттаған велошеру
22
қазан
2025
Салауатты өмір салтын насихаттаған велошеру
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәні мұғалімдері Еркінбеков Ғалымжан мен Маждинов Бақытжан жас спортшы-оқушылармен бірге Жетісу аудандық әкімдігі аппаратының ұйымдастыруымен өткен велошеру шарасына белсенді түрде қатысты. Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылар арасында спорт мәдениетін дамыту, отансүйгіш рух пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, сондай-ақ Республика күнінің маңызын дәріптеу болды. Велошеруге қатысушылар жоғары белсенділік