Салауатты өмір салтын насихаттаған велошеру
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәні мұғалімдері Еркінбеков Ғалымжан мен Маждинов Бақытжан жас спортшы-оқушылармен бірге Жетісу аудандық әкімдігі аппаратының ұйымдастыруымен өткен велошеру шарасына белсенді түрде қатысты.
Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылар арасында спорт мәдениетін дамыту, отансүйгіш рух пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, сондай-ақ Республика күнінің маңызын дәріптеу болды.
Велошеруге қатысушылар жоғары белсенділік пен спортқа деген қызығушылық танытып, ұйымшылдық пен тәртіп үлгісін көрсетті. Шара соңында белсенді қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды.
Мұндай спорттық бастамалар оқушыларды дені сау, белсенді, жігерлі және елжанды азамат болып қалыптасуға жетелейді.
https://www.instagram.com/p/DQCQMGXCiAU/?hl=ru