Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Желтоқсан 2025 года » Страница 2
Желтоқсан оқиғасы — қазақ жастарының еркіндік пен әділдік жолындағы тарихи ерлігі.
12
желтоқсан
2025
Желтоқсан оқиғасы — қазақ жастарының еркіндік пен әділдік жолындағы
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі ұлт рухының биіктігін, тәуелсіздікке деген ұмтылыстың айқын көрінісін көрсетті. Ел тарихында тағдырлы орын алған бұл оқиға — азаттық жолында жанын қиған қайсар жастардың ерлігін ұлықтайтын маңызды кезең. Желтоқсан қаһармандарына тағзым ретінде дайындалған бейнематериал ООБУ тарапынан түсірілді. Тәуелсіздігің мәңгі болсын, Қазақ елі! ​https://www.instagram.com/p/DSJxk-NDLGM/?hl=ru​​​
Ерлікке тағзым: Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы
11
желтоқсан
2025
Ерлікке тағзым: Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы
Жетісу ауданына қарасты №148 мектеп-гимназиясында 7 «А» сыныбымен Желтоқсан оқиғасына арналған тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараны тарих пәні мұғалімі Исахов Ердәулет өткізді. Мектеп кітапханашылары Бекқазиева Күлпәш пен Қосаманова Ж. Желтоқсан оқиғасына қатысты құнды деректерді қамтыған кітап көрмесін ұсынып, оқушыларға мазмұнды мәліметтер берді. Іс-шараға арнайы қонақ ретінде Оқушылар сарайының педагогтері Күляш Қасеновна мен Ляззат Ауесхановна қатысып, тақырыптың маңыздылығына
«Қыпшақ хандығы» тақырыбында ашық сабақ
10
желтоқсан
2025
«Қыпшақ хандығы» тақырыбында ашық сабақ
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында «Тарих және Жасанды Интеллект: өткенді тану – болашақты болжау» атты гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында 6 «В» сыныбында тарих пәні мұғалімі Ердаулет Исахов «Қыпшақ хандығы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін «Футбол» және «Шаңырақ» әдістері қолданылып, балалар белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізе алды. Тапсырмалар интерактивті форматта ұйымдастырылып, оқушылардың тарихи ойлау
Пластик қақпақтарын жинау акциясы
10
желтоқсан
2025
Пластик қақпақтарын жинау акциясы
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында пластикалық бөтелке қақпақтарын жинау акциясының басталғаны туралы хабарлаймыз. Акцияның негізгі мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту, табиғатты қорғау маңыздылығын түсіндіру және пластик қалдықтарын қайта өңдеуге үлес қосу. Жиналған қақпақтар Экология министрлігіне қарасты арнайы қайта өңдеу орталықтарына тапсырылатын болады. Барша оқушыларды, ата-аналарды және педагогикалық ұжымды аталған экологиялық бастамаға белсенді түрде қатысуға
Сапарғали Бегалин: 130 жылдық тағылым
09
желтоқсан
2025
Сапарғали Бегалин: 130 жылдық тағылым
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында Сапарғали Бегалиннің 130 жылдығына орай  📖 «Бала жүректің жыршысы – С. Бегалин 130 жыл» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар жазушының өмірі мен шығармашылығымен танысып, әдеби мұрасының маңызын тереңірек түсінді. Оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін толықтырып, шығармашылық ой-өрістерін дамытуға мүмкіндік алды.  Ұйымдастырушылар: кітапханашылар және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұрсұлтанова Айгерім Ардаққызы
🍫 Chocolate Day
09
желтоқсан
2025
🍫 Chocolate Day
Тәттілер мен шоколадты ұнататындар үшін жағымды дәстүрлердің бірі – жақындарына шағын тәтті сыйлау. Сыныптасыңызға, құрбыңызға немесе досыңызға шоколад ұсыну арқылы күндерін жарық етіп, жақсы көңіл күй сыйлай аласыз. ✨ Шоколад – дәмімен ғана емес, адамның көңіл күйіне оң әсер ететін қасиетімен де ерекшеленеді. Баршаңызға жайлы, жағымды күн тілейміз. https://www.instagram.com/p/DR1SZCKCmPw/?hl=ru
3-сынып оқушылары арасында математика пәнінен функционалдық сауаттылықты тексеру
08
желтоқсан
2025
3-сынып оқушылары арасында математика пәнінен функционалдық
Жетісу ауданы, №148 мектеп-гимназиясында 3-сынып оқушылары арасында математика пәнінен функционалдық сауаттылық деңгейін анықтау мақсатында тест өткізілді. Тест тапсырмалары оқушылардың: Логикалық ойлау қабілетін; Математикалық ұғымдарды қолдану дағдыларын; Өмірлік жағдайларды талдау және шешу мүмкіндігін бағалауға бағытталған. Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың оқу жетістіктерін анықтап, алдағы оқу үдерісін тиімді жоспарлауға мүмкіндік жасау.​https://www.instagram.com/p/DRyn2J5ioT6/?hl=ru​​​
Республикалық референдум – халық шешім қабылдайтын мүмкіндік
08
желтоқсан
2025
Республикалық референдум – халық шешім қабылдайтын мүмкіндік
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында оқушыларға республикалық референдум туралы түсінік беру мақсатында тәрбие сағаты өткізілді. Референдум – маңызды заңдар мен мемлекеттік шешімдер бойынша халықтың тікелей дауыс беру арқылы пікір білдіруі. Бұл – демократияның негізгі қағидаларының бірі және әрбір азаматтың жауапкершілігі. Оқушылар референдумның мәнін түсініп, өз болашағына жауапкершілікпен қарауды үйренді. https://www.instagram.com/p/DR_UtC_it0i/?hl=ru