Ерлікке тағзым: Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы
Жетісу ауданына қарасты №148 мектеп-гимназиясында 7 «А» сыныбымен Желтоқсан оқиғасына арналған тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараны тарих пәні мұғалімі Исахов Ердәулет өткізді. Мектеп кітапханашылары Бекқазиева Күлпәш пен Қосаманова Ж. Желтоқсан оқиғасына қатысты құнды деректерді қамтыған кітап көрмесін ұсынып, оқушыларға мазмұнды мәліметтер берді.
Іс-шараға арнайы қонақ ретінде Оқушылар сарайының педагогтері Күляш Қасеновна мен Ляззат Ауесхановна қатысып, тақырыптың маңыздылығына тоқталып, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің мәнін атап өтті.
7 «А» сыныбының оқушылары белсенділік танытып, тарихи маңызы зор деректермен танысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Оқушылар Желтоқсан оқиғасының ел тарихындағы ерекше орнын түсініп, тәуелсіздік жолында құрбан болған аға-апаларының ерлігіне құрмет білдірді. Іс-шара барысында қойылған сұрақтарға жауап беріп, тақырып бойынша пікір алмасу жүргізілді.
Аталған іс-шара оқушылардың тарихи санасын қалыптастыруға, отансүйгіштік рухын арттыруға бағытталған мазмұнды әрі тағылымды шара болды.
https://www.instagram.com/p/DSIPGwLitHD/?hl=ru



