10
желтоқсан
2025
Пластик қақпақтарын жинау акциясы
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында пластикалық бөтелке қақпақтарын жинау акциясының басталғаны туралы хабарлаймыз.
Акцияның негізгі мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту, табиғатты қорғау маңыздылығын түсіндіру және пластик қалдықтарын қайта өңдеуге үлес қосу.
Жиналған қақпақтар Экология министрлігіне қарасты арнайы қайта өңдеу орталықтарына тапсырылатын болады.
Барша оқушыларды, ата-аналарды және педагогикалық ұжымды аталған экологиялық бастамаға белсенді түрде қатысуға шақырамыз.