Қысқы каникулдағы белсенді демалыс
№148 мектеп-гимназиясының 6 «Б» сынып оқушылары қысқы каникул кезеңінде бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында коньки тебу алаңында болды. Аталған іс-шара оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қысқы спорт түрлеріне қызығушылығын арттыруға және ұжымдық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталды. Демалыс барысында қауіпсіздік ережелері қатаң сақталып, оқушылар көтеріңкі көңіл күймен белсенді қозғалысқа қатысты. Қысқы демалысты мазмұнды өткізу – оқушылардың денсаулығын нығайтып,