Жақсылық – тәрбиенің көрінісі
Мектебіміздің 8 «Б» сынып оқушылары қасиетті Рамазан айында игі бастама көтеріп, ораза ұстаған ұстаздарға ауызашар уақытында су таратты. Бұл - кішкентай ғана әрекет болғанымен, оның тәрбиелік мәні зор. Оқушылардың үлкенге құрмет көрсетуі, жанашырлық танытуы мен ізгі ниеті – олардың рухани құндылықтарды бойына сіңіріп келе жатқандығының айқын дәлелі. Осындай саналы әрі мейірімді шәкірттерімізбен мақтанамыз. Жас ұрпақтың жүрегіндегі имандылық пен адамгершілік қасиеттері мектеп қабырғасында