Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Баланың қауіпсіздігі – ата-ана, мектеп және полицияның бірлескен ісі
12
мамыр
2026
Баланың қауіпсіздігі – ата-ана, мектеп және полицияның бірлескен ісі
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында Жетісу ауданы полиция қызметкерлерінің қатысуымен ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды. Кездесу барысында полиция қызметкерлері жасөспірімдер тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, қоғамдық орындардағы қауіпсіздік ережелері, сондай-ақ құқықтық жауапкершілік мәселелері бойынша түсіндірме
«Анаға тағзым – анаға құрмет» челленджі
11
мамыр
2026
«Анаға тағзым – анаға құрмет» челленджі
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының 7 «Г» сынып оқушылары 10 мамыр күні әлеуметтік желіде ұйымдастырылған «Анаға тағзым – анаға құрмет» челленджіне белсене қатысты. Ана – өмірдің шуағы, отбасының тірегі, мейірім мен махаббаттың символы. Осы орайда білім алушылар өз аналарына деген ыстық ықыластары мен жүрекжарды тілектерін арнап, шынайы құрмет пен алғыстарын білдірді. Челлендж барысында оқушылар анаға деген сүйіспеншілік пен ізетті насихаттап, отбасы құндылықтарын дәріптеуге өз үлестерін
«Отбасы – алтын бесік: ата мен әже өнегесі» онлайн-флешмобы
11
мамыр
2026
«Отбасы – алтын бесік: ата мен әже өнегесі» онлайн-флешмобы
Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі. Ата мен әже – ұрпаққа өнеге, мейірім мен даналықтың шамшырағы. Алматы қаласы білім беру ұйымдарында Халықаралық отбасы күні аясында ұйымдастырылған «Менің атам/менің әжем» онлайн-флешмобына Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының оқушылары белсенді түрде қатысуда. Іс-шара барысында білім алушылар өздерінің аяулы аталары мен әжелері туралы жылы естеліктерімен бөлісіп, отбасылық құндылықтарды дәріптеп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрін насихаттауда. 
Отан үшін жан қиғандар жүректерде мәңгі
08
мамыр
2026
Отан үшін жан қиғандар жүректерде мәңгі
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназия кітапханасында 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай «Отан үшін жан қиғандар жүректерде мәңгі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – жас ұрпаққа Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батырлардың ерлігін насихаттау, отансүйгіштік рухта тәрбиелеу және тарихи жадымызды жаңғырту болып табылады. Іс-шара барысында 3 «А» сынып оқушылары Дыбо А., Жұмаден А., сондай-ақ 6 «В» сынып оқушылары Татыгулова А., Әбдімұхамед І., Нұрқасым А. Отан, ерлік және Жеңіс
Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат: ардагерлерге тағзым
08
мамыр
2026
Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат: ардагерлерге тағзым
9 мамыр – Жеңіс күніне орай Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының директоры мен оқушылары ардагерлердің шаңырағына арнайы барып, Ұлы Отан соғысы ардагерлерін мерекемен құттықтады. Кездесу барысында ардагерлерге ізгі тілектер мен шынайы алғыстар айтылып, құрмет көрсетілді. Оқушылар майдангер аталардың ерлікке толы өмір жолы, соғыс жылдарындағы бастан кешкен оқиғалары туралы тыңдап, тағылымы терең әңгімелердің куәсі болды. Ардагерлердің жүрекжарды батасы мен жылы лебіздері жас ұрпақ үшін үлкен
Ұрпақтарға ұран болған – Ұлы Жеңіс
06
мамыр
2026
Ұрпақтарға ұран болған – Ұлы Жеңіс
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 9 мамыр – Жеңіс күніне орай “Ұрпақтарға ұран болған – Ұлы Жеңіс” атты мерекелік концерт өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігін ұлықтау және бейбіт өмірдің қадірін насихаттау болды. Мерекелік кеш барысында білім алушылар патриоттық әндер орындап, тағылымды жыр-өлеңдер оқып, сахналық қойылымдар арқылы батыр бабаларымыздың қайсар рухын дәріптеді. Сонымен қатар, ел
Кішкентай қақпақтар – үлкен жақсылықтың бастауы
06
мамыр
2026
Кішкентай қақпақтар – үлкен жақсылықтың бастауы
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында ұйымдастырылған «Мейірімді қақпақтар» қайырымдылық акциясы аясында оқушылар белсенділік танытып, пластикалық қақпақтар жинау жұмыстарына қатысты. Аталған акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастырумен қатар, оқушыларды қайырымдылық пен жанашырлыққа тәрбиелеу. Іс-шара барысында білім алушылар табиғатқа жауапкершілікпен қараудың маңызын түсініп, мейірімділік пен қамқорлықтың үлгісін көрсетті. Мектеп ұжымы акцияға белсенді
Заң – тәртіптің тірегі: қауіпсіз болашаққа қадам
30
сәуір
2026
Заң – тәртіптің тірегі: қауіпсіз болашаққа қадам
30 сәуір күні Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараға Жетісу ауданы прокуратурасының бөлім аға прокуроры Алимбаев Данияр Алиевич қатысып, оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын сақтау және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында маңызды ақпараттар берді. Кездесу барысында сондай-ақ Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №11 мекемесінде жазасын өтеп жатқан кәмелетке
“Адал азамат” – театр өнеріндегі жетістік
30
сәуір
2026
“Адал азамат” – театр өнеріндегі жетістік
“Адал азамат” Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Театрдың ғажайып әлемі» балалар театры өнерінің республикалық фестиваль-байқауының ІХ қалалық кезеңінде Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының 8 “А” сынып оқушысы Нұрсұлтан Кәусар жоғары жетістікке қол жеткізді. Аталған байқауда оқушы «Үздік жас актриса» номинациясымен марапатталып, өзінің шығармашылық қабілеті мен өнерге деген ерекше талғамын көрсетті. Бұл жетістік – оқушының еңбегі мен ізденісінің, сондай-ақ жетекшісінің
1 мамыр – Достық пен татулық басты құндылық
30
сәуір
2026
1 мамыр – Достық пен татулық басты құндылық
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 5-сынып оқушылары арасында «1 мамыр – Достық пен татулық басты құндылық» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға 7 сынып қатысып, жеребе арқылы берілген түрлі ұлттардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін ерекше форматта таныстырды. Қатысушылар сол ұлттың тілінде таныстыру жасап, ұлттық киімдері, билері мен сахналық қойылымдары арқылы достық пен бірліктің маңызын әсерлі жеткізе білді. Мерекелік бағдарлама