Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Кітапханаға танымдық экскурсия – білімге бастар жол
13
сәуір
2026
Кітапханаға танымдық экскурсия – білімге бастар жол
№148 мектеп-гимназиясының оқушылары үшін кітапханаға танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушыларды кітап әлемімен таныстыру, кітапхана қызметінің ерекшеліктерін түсіндіру және олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру. Экскурсия барысында оқушылар кітапхананың құрылымы, бөлімдері және кітап қорының мазмұнымен танысты. Сонымен қатар, кітапханадағы заманауи қызмет түрлері туралы кеңінен ақпарат беріліп, кітаптарды іздеу, таңдау және оқу
Білім – табысқа бастар жол
10
сәуір
2026
Білім – табысқа бастар жол
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында білім алушыларымыздың жетістіктері қуанта түсуде. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қыдырбекова Ляззат Зейнегабыловнаның жетекшілігімен шәкірттер «Ақбота-2025» зияткерлік олимпиадасында жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі І және ІІ орындарға ие болды 🏆 Бұл – оқушылардың тынымсыз еңбегі мен ұстаздың кәсіби шеберлігінің айқын нәтижесі. ✨ “Success doesn’t come to you, you go to it.” ✨ “The future belongs to those who believe in the beauty of their dreams.” ✨
Оқушы жетістігі – сапалы білімнің нәтижесі
09
сәуір
2026
Оқушы жетістігі – сапалы білімнің нәтижесі
 Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі Исаева Тоты Анашевнаның жетекшілігімен 12 оқушы «Ақбота-2025» зияткерлік олимпиадасында жүлделі І және ІІ орындарға ие болды. Бұл – оқушылардың білімге деген талпынысы мен ұстаздың тынымсыз еңбегінің айқын нәтижесі. Жеңімпаз шәкірттерімізді және жетекші ұстазымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы білім бәйгелерінде де биік белестерді бағындырып, жетістіктеріңіз арта берсін! Толық ақпаратты төмендегі сілтеме арқылы көре
Жас маман – жаңа серпін
09
сәуір
2026
Жас маман – жаңа серпін
Жас мамандар онкүндігі аясында Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында дене шынықтыру пәні мұғалімі Ахметов Ильзат 3 «Ж» сынып оқушыларына «Жарыс элементтері бар ойындар» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – оқушылардың қозғалыс белсенділігін арттыру, шапшаңдық пен ептілікті дамыту. Сабақ барысында оқушылар түрлі эстафеталық ойындарға қатысып, жоғары белсенділік танытты. Ашық сабақ өз мақсатына толық жетіп, жоғары деңгейде
Қауіпсіздік – басты назарда!
08
сәуір
2026
Қауіпсіздік – басты назарда!
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері оқушыларға заманауи технология жетістігі – робот итті таныстырды. Аталған құрылғы мектеп аумағын бақылауға, қоршаған ортаны қадағалауға және күдікті жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді. Кездесу оқушылар үшін тек қызықты тәжірибе ғана емес, сонымен қатар заманауи технологиялармен танысуға үлкен мүмкіндік болды. 👮‍♂️ Сонымен қатар, полиция
Құқықтық сауаттылық – саналы ұрпақ негізі
07
сәуір
2026
Құқықтық сауаттылық – саналы ұрпақ негізі
Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында білім алушыларға заң талаптарын сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру және өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Кездесуге Жетісу ауданы прокуратурасының бөлім аға прокуроры Алимбаев Данияр Алиевич, Жетісу ауданы ПБ учаскелік полиция инспекторы, полиция
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні
07
сәуір
2026
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай сынып сағаттары өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушыларға салауатты өмір салтын насихаттау және денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру болды. Сынып сағаттары барысында оқушылар дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасы, дене белсенділігі және зиянды әдеттерден аулақ болу туралы маңызды мәліметтер алды. Сонымен қатар, пікір алмасу, сұрақ-жауап және танымдық жұмыстар ұйымдастырылды. Аталған
Жас мамандар онкүндігі – кәсіби дамудың жаңа кезеңі
06
сәуір
2026
Жас мамандар онкүндігі – кәсіби дамудың жаңа кезеңі
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында жас мамандар онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті. Аталған онкүндік жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамытуға, кәсіби шеберлігін шыңдауға және тәжірибе алмасуға бағытталған маңызды алаң болып табылады. 06–16 сәуір аралығында ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар және түрлі тренингтер ұйымдастырылып, заманауи педагогикалық тәжірибелермен алмасу жүзеге асырылады. Бұл бастама жас ұстаздардың кәсіби дамуына серпін беріп, жаңа идеяларды жүзеге асыруға
Жаңа Қазақстан: білімге негізделген даму
06
сәуір
2026
Жаңа Қазақстан: білімге негізделген даму
 «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 11-сынып білім алушыларына арналған «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында бірыңғай республикалық сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты барысында білім алушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясында білім беру саласына қатысты айқындалған негізгі басымдықтар кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, білімнің қоғамдағы рөлі, оның мемлекет
Ғажайыпқа толы кездесу: цирк өнерпаздары сахнада
06
сәуір
2026
Ғажайыпқа толы кездесу: цирк өнерпаздары сахнада
№148 мектеп-гимназиясында бастауыш сынып оқушыларына арналған танымдық-мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шара аясында мектепке цирк әртістері келіп, ерекше бағдарлама ұсынды. Цирк өнерпаздары өздерінің шеберліктерін көрсетіп, акробатикалық қойылымдар, сиқырлы трюктер мен қызықты көріністер арқылы оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Іс-шара барысында балалардың өнерге деген қызығушылығы артып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік туды. Бұл мәдени кездесу оқушылардың бос уақытын