Көктем тынысы, Наурыз ырысы
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде, мазмұнды әрі жоғары деңгейде аталып өтті. Мереке аясында ұйымдастырылған концерттік бағдарлама барысында білім алушылар өз өнерлерін паш етіп, әсем ән, күмбірлеген күй және мың бұралған билер арқылы ұлттық рухты асқақтатты. Сонымен қатар, сахналық көріністер қойылып, Қыдыр ата келіп ақ батасын беріп, мерекенің мәнін арттыра түсті. Тәрбиелік мәні зор сынып сағаттары өткізіліп, қазақ халқының салт-дәстүрлері