№148 мектеп-гимназияның 2021-2022 оқу жылында сыбайлас жемқорлыққа байланысты өткізілген іс-шаралар есебі » КГУ «Школа-гимназия № 148» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №148 мектеп-гимназияның 2021-2022 оқу жылында сыбайлас жемқорлыққа байланысты өткізілген іс-шаралар есебі
26
мамыр
2022

№148 мектеп-гимназияның 2021-2022 оқу жылында сыбайлас жемқорлыққа байланысты өткізілген іс-шаралар есебі












№148 мектеп-гимназияның 2021-2022 оқу жылында сыбайлас жемқорлыққа 

байланысты өткізілген іс-шаралар есебі

148-mektep-gimnazijany-2021-2022-ou-zhylynda-sybajlas-zhemorlya-bajlanysty-tkzlgen-s-sharalar-eseb.docx [1,29 Mb] (cкачиваний: 14)
Посмотреть онлайн файл: 148-mektep-gimnazijany-2021-2022-ou-zhylynda-sybajlas-zhemorlya-bajlanysty-tkzlgen-s-sharalar-eseb.docx

        №148 мектеп-гимназияда 2021-2022 оқу жылында сыбайлас жемқорлыққа байланысты іс-шаралар жоспары жасалды. Жоспарға сай іс-шаралар өз уақытында өткізілді. Мектеп ұжымының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы этика мен мәдениетті қалыптастыру мақсатында директор жанындағы жиналыстарда «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты тақырыпта баяндама оқылды. Мектеп-гимназияда «Сенім телефондары» жұмыс жасайды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды ресми әлеуметтік желілерде жарияланып отырды. 

      Жетісу ауданы Білім бөлімінің тапсырмасы негізінде мектептің тәрбие жоспарына,   «Адал Ұрпақ» еріктілер клубының жұмыс жоспарына сәйкес Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контексінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасын негізге ала отырып, «Адал ұрпақ» еріктілер клубына 5-сынып оқушыларын қабылдау салтанатты жиыны өткізілді.Осы бағдарлама аясында мектеп жанынан ашылған «Адал ұрпақ» еріктілер клубы жұмыс жасауда. 

     https://www.instagram.com/p/CW51CkqMw_Y/?igshid=YmMyMTA2M2Y




 






















Алматы қаласы Білім басқармасының, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің, Жетісу ауданы Білім бөлімінің тапсырмасы негізінде "Адалдық сағаттары" акциясын өткізді. Мақсаты: қоғамда, жастар арасында "парасаттылық принциптерін ілгерілету" "парасаттылық", "әділдік", "шынайылық", ұғымдарын трендке айналдыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, өскелең ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыру.   
https://www.instagram.com/p/B7aJiBVlsmw/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

    













Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназияда "Ұлт болашағы - саналы ұрпақ" тұжырымдамасы негізінде "Ұстаз бейнесі - XXI ғасыр идеологиясының айнасы" тақырыбында мектеп-гимназия ұжымымен тренинг-семинар өтті. Тренинг барысында мұғалімдер қазіргі заманғы ұстаз бейнесін жасай отырып, өз ойларымен бөлісті.  Семинар-тренингте ұстаздың адал бейнесі туралы айтылды.

https://www.instagram.com/p/Cch6I3MrVtJ/?igshid=YmMyMTA2M2Y=




















"Саналы ұрпақ - ұлт болашағы" атты сынып жетекшілер онкүндігінде жоспарланған "Ұлттық рух - саналы ұрпақ азығы" атты дөңгелек үстелді 10-сынып оқушыларымен К. Нағыманова мен Б.Нургалиева өткізді. Мақсаты:  бала бойына   ұлттық құндылықтарды дарыту. 

https://www.instagram.com/tv/CcmV6Ugo7go/?igshid=YmMyMTA2M2Y=


       















Алматы қаласы Білім басқармасының, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің, Жетісу ауданы Білім бөлімінің тапсырмасы негізінде "АДАЛДЫҚ ДҮКЕНІ" өз жұмысын жалғастыруда. Мақсаты - өскелең ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыру.


https://www.instagram.com/p/B7nhct6Fb0f/?igshid=YmMyMTA2M2Y=























Тәрбие жоспары негізінде мектебіміздің 6-сынып оқушылары арасында      қашықтықтан “Жемқорлықтың тарихи тамыры” тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

 Мақсаты: “Сыбайлас жемқорлық” ұғымын түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

https://www.instagram.com/tv/CY8TfUdFf31/?igshid=MDJmNzVkMjY=


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: