Құсмұрын ауылында жаңа мектеп пайдалануға берілді
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Құсмұрын ауылында жаңа №1 жалпы білім беретін мектеп салынды.
Жаңа білім ордасы заманауи талаптарға сай жабдықталып, оқушылар мен мұғалімдерге жайлы әрі қауіпсіз орта ұсынады. Мектептің материалдық-техникалық базасы толық жаңартылып, кең, жарық сыныптар, IT-кабинеттер, пәндік зертханалар, спорт және акт залдары, кітапхана және коворкинг аймақтары қарастырылған.
Бұл – ауылдық елді мекендердегі білім беру сапасын арттыруға, оқушылардың жан-жақты дамуына және ұстаздардың тиімді жұмыс істеуіне жасалған маңызды қадам.
«Келешек мектептері» жобасы еліміздің әр өңіріндегі оқушыларға тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған ауқымды бастама болып отыр.
Білім беру саласындағы мұндай игі істер – болашақтың берік негізі.
https://www.instagram.com/p/DON_9Y-CpmE/?hl=ru