Қазақстанда балалардың құқықтары қалай қорғалады?
Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қорғау – мемлекеттің басым бағыттарының бірі. Бұл бағыттағы құқықтық негіздер ұлттық заңдар мен халықаралық нормалар арқылы қамтамасыз етілген.
Ұлттық заңнама аясында:
Қазақстан Республикасының Конституциясы,
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекс,
«Бала құқықтары туралы» заң
балалардың білім алуына, денсаулығын қорғауға, отбасында және қоғамда қауіпсіз ортада өмір сүруіне, жан-жақты дамуына құқықтық негіз қалайды.
Халықаралық деңгейде:
Қазақстан – Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясына қосылған мемлекет. Бұл – еліміздегі әрбір баланың құқықтары халықаралық стандарттарға сай қорғалатынын білдіреді.
Балалар – ел болашағы. Олардың құқықтарын сақтау мен қорғау – барша қоғамның, әрбір ересек азаматтың ортақ жауапкершілігі.
#БалаҚұқықтары #ҚазақстанБалалары #148мектеп
@jetisy_aydany
@jetisu_audandyk_bilim_bolimi
@edu.almaty
@almaty_adal_azamat