Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мотивация – адам жанының талпыныс күші» атты семинар өтті
30
қыркүйек
2025

«Мотивация – адам жанының талпыныс күші» атты семинар өтті

2025 жылғы 30 қыркүйек күні №148 мектеп-гимназия базасында Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты «Психологиялық қолдау орталығының» ұйымдастыруымен «Мотивация – адам жанының талпыныс күші» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – педагог-психолог мамандардың кәсіби қызметінде мотивацияның маңызын арттыру, ішкі ынталандыру көздерін анықтау және оны тәжірибеде тиімді қолдану жолдарын қарастыру.

Семинарға Жетісу ауданының білім беру ұйымдарында қызмет ететін педагог-психолог мамандар қатысып, өзара тәжірибе алмасып, кәсіби шеберліктерін арттырды. Қатысушылар мотивациялық әдіс-тәсілдермен танысып, практикалық жаттығулар арқылы тақырыпты тереңірек меңгерді.

Іс-шара барысында мамандар психологиялық қолдау көрсетудің заманауи бағыттары мен әдістерін талқылап, өз жұмыстарына жаңаша серпін алды.

Осындай семинарлар педагог-психологтардың кәсіби дамуына, өзара ынтымақтастығына және білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызмет сапасын арттыруға ықпал етеді.

https://www.instagram.com/p/DPQTESWAvtB/


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: