06
қазан
2025
Дублёр күні – тәжірибе мен жауапкершілікке толы күн
Дублёр күні – тәжірибе мен жауапкершілікке толы күн
Мектебімізде оқушылар үшін ерекше маңызы бар Дублёр күні өткізілді. Бұл шара барысында жоғары сынып оқушылары ұстаздардың орнына сабақ жүргізіп, мұғалімнің бір күндік міндетін атқарды.
Мақсаты – оқушыларға жауапкершіліктің не екенін сезіндіру, педагог еңбегінің маңызын ұғындыру және білім беру үдерісіне жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік беру.
Оқушылар мұғалім болудың оңай еместігін, бұл кәсіптің үлкен дайындық пен сабырлықты талап ететінін түсінді. Ал ұстаздар өз шәкірттерінің жаңа қырларын байқады, олардың көшбасшылық, ұйымдастырушылық қабілеттеріне баға берді.
Дублёр күні оқушылар мен мұғалімдер үшін де әсерлі тәжірибе болып, өзара түсіністік пен сыйластықты арттырды.
https://www.instagram.com/p/DPVnwv4DC4T/