Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Зиянды әдеттердің алдын алу: нашақорлыққа қарсы түсіндірме жұмысы
16
қазан
2025

Зиянды әдеттердің алдын алу: нашақорлыққа қарсы түсіндірме жұмысы

Жетісу ауданының 148 мектеп-гимназиясында қылмыстық бөлімнің мамандары нашақорлықтың алдын алу мақсатында 7-11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында оқушыларға зиянды әдеттердің адам ағзасына, психикасына және қоғамдық өмірге тигізетін теріс әсерлері жан-жақты түсіндірілді. Мамандар жасөспірімдерге нашақорлықтың қауіптілігі туралы нақты ақпарат беріп, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Бұл түсіндірме жұмысының негізгі мақсаты – жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алу және олардың болашақ өміріне теріс ықпал етуіне жол бермеу. Осындай профилактикалық шаралар арқылы жас ұрпақтың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше мән берілуде.


https://www.instagram.com/p/DPykVOiiqP9/?hl=ru&img_index=1

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: