Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары өткізілді
14
қазан
2025

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары өткізілді

Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында оқушыларға бейбіт өмірдің маңызы, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты сақтау жолдары, сондай-ақ теріс діни ағымдардың зияны мен олардың алдын алу тетіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Шараның негізгі мақсаты — жас ұрпақтың бойында толеранттылық, отансүйгіштік, рухани тұрақтылық және қоғамдық жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.

Мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым осындай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары арқылы оқушылардың құқықтық және діни сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ ұлттық құндылықтарға негізделген көзқарасты қалыптастыруға баса назар аударады.

Бейбітшілік пен бірлік – ел дамуының басты тірегі.


https://www.instagram.com/p/DPxsN5tihis/?hl=ru&img_index=1

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: