15
қазан
2025
«Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында ерте жүктіліктің алдын алу жоспары аясында оқушылармен ақпараттық-түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.
Кездесу барысында мамандар мен сынып жетекшілері жасөспірімдерге жеке жауапкершілік, салауатты өмір салты, отбасылық құндылықтар және өз денсаулығына ұқыпты қарау мәселелері бойынша кеңестер берді.
Іс-шараның басты мақсаты — оқушылардың санасында жауапкершілік сезімін қалыптастыру, өмірге дұрыс көзқарас қалыптастыру және өзін-өзі қорғау мәдениетін дамыту болып табылады.
Мектеп ұжымы осындай түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде өткізіп, жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мен рухани-адамгершілік тәрбиесіне ерекше мән береді.
https://www.instagram.com/p/DPxzMwdimaf/?hl=ru