Республика күніне орай «Ата Заңым – ардақтым!» атты дебат сайысы өтті
Жетісу ауданының №148 мектеп-гимназиясында Республика күніне арналған «Ата Заңым – ардақтым!» атты дебат сайысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, ой еркіндігін дамыту және өз пікірін дәлелдей білу дағдыларын қалыптастыру болды. Дебат барысында қатысушылар еліміздің Конституциясының маңызы, азаматтық құқықтар мен бостандықтарды қорғау мәселелері бойынша өз ойларын ашық және сенімді жеткізді.
Жарыс белсенді әрі қызықты өтті, қатысушылар жан-жақты дайындықпен және ынтамен сынға түсті. Жеңімпаздар мен үздік спикерлер арнайы марапаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Бұл іс-шара білімді, елжанды, өз ойын ашық жеткізе білетін жас ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған маңызды қоғамдық және патриоттық шара болып табылады.
https://www.instagram.com/p/DP6O5lODGWf/?hl=ru