«Цифрлық тазалық күні» танымдық-практикалық іс-шарасы
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында математика және информатика пәндерінің онкүндігі аясында информатика пәні мұғалімі Абилжанова Меруерт Хасенаевнаның ұйымдастыруымен «Цифрлық тазалық күні» атты танымдық-практикалық іс-шара өткізілді.
Аталған шара онкүндіктің алғашқы бастамасы ретінде ұйымдастырылып, оқушылардың ақпараттық мәдениетін арттыруды, цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздік пен тазалықты сақтау дағдыларын қалыптастыруды мақсат етті.
Мектеп қабырғасында алғаш рет өткізілген бұл іс-шара оқушылардың зор қызығушылығын тудырып, жоғары деңгейде өтті. Іс-шара барысында оқушылар артық файлдар мен қажетсіз деректерді тазалау, құрылғылардың жұмыс өнімділігін арттыру, кибергигиена және дербес деректерді қорғау жөнінде пайдалы ақпарат алды.
Іс-шараның маңыздылығын ескере отырып, алдағы уақытта «Цифрлық тазалық күнін» мектепішілік дәстүрлі іс-шаралардың біріне айналдыру жоспарлануда.
https://www.instagram.com/p/DP8Yjs5ivWP/?hl=ru