Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
қазан
2025

24 қазан — Кітапханашылар күні!

24 қазан күні елімізде Кітапханашылар күні аталып өтеді. Бұл күн – рухани байлықтың, білім мен мәдениеттің қайнар көзі саналатын кітап қазынасын ұрпаққа жеткізіп, оқырман мәдениетін қалыптастыруға зор үлес қосып жүрген кітапхана қызметкерлерінің еңбегін дәріптейтін мереке.

Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының ұжымы барша кітапханашыларды, соның ішінде мектеп кітапханасының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтайды.

Кітапханашылардың еңбегі – жас ұрпақтың оқу мәдениетін қалыптастыруға, олардың рухани және зияткерлік дамуына бағытталған игі іс.
Шығармашылық табыс, денсаулық және еңбектеріңізге лайықты құрмет тілейміз.

Кітап – білім мен парасаттың кілті, ал кітапханашы – сол кілтті ұрпақ қолына табыстаушы тұлға.

https://www.instagram.com/p/DQBflvgCiCB/?hl=ru

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: