«Математика пәнін оқыту: қазіргі тенденциялар мен әдістер» тақырыбындағы қалалық семинар
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында «Математика пәнін оқыту: қазіргі тенденциялар мен әдістер» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинардың негізгі мақсаты – заманауи білім беру талаптарына сай тиімді оқыту әдіс-тәсілдерін талқылау, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру болды.
Қатысушылар мектепті аралап, оқу кабинеттерінің материалдық-техникалық базасымен, білім ордасындағы жаңашыл жобалармен және цифрлық орта мүмкіндіктерімен танысты.
Семинар барысында:
– «PISA құзыреттіліктерін қалыптастыру арқылы математикалық сауаттылықты дамыту» бағыты бойынша спикер Дөрветхан Гүлжан өз тәжірибесімен бөлісті;
– Авторлық жұмыс жазу технологиялары мен ерекшеліктері жөнінде Пулатов Исмат пен Иманбаева Күлжамал өз әдістемелерін ұсынды;
– Олимпиадалық есептерді шығару тәсілдері мен математикалық сауаттылықты арттыру жолдары жан-жақты қарастырылды.
Ашық сабақтар, шеберлік сағаттары және өзара кері байланыс барысында мұғалімдер жаңа идеяларымен бөлісіп, кәсіби диалог алаңы қалыптасты.
Семинар соңында қатысушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізді.
Осындай мазмұнды іс-шаралар педагогтердің кәсіби дамуына, тәжірибе алмасуына және сапалы білім беру кеңістігін қалыптастыруға зор үлес қосады.
https://www.instagram.com/p/DQGMymPCoVU/?hl=ru&img_index=1