23
қазан
2025
«Атамекен» – жүректе жаңғырған ұлы үн
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының директоры мен оқушылары қазақтың қастерлі «Атамекен» әнін орындап, Отанға деген құрмет пен патриоттық рухты дәріптеді.
Бұл шара жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарды бағалап, туған жеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. «Атамекенге» деген мақтаныш пен құрмет – әрбір қазақ жүрегіндегі мәңгілік аманат болып табылады.
Туған жерін қадірлеген ұрпақ – елдің болашағы мен дамуының кепілі.
https://www.instagram.com/p/DQMEnWOiiI_/?hl=ru