Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 25 Қазан – Қазақстан Республикасының тарихындағы маңызды күн
24
қазан
2025

25 Қазан – Қазақстан Республикасының тарихындағы маңызды күн

25 қазан – еліміз тарихындағы маңызды күндердің бірі. Бұл күн егемен Қазақстанның тұғырын бекітіп, тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамдарымыздың айғағы болып табылады.

Республика күні әрбір қазақстандықтың жүрегінде отаншылдық сезімін оятатын, ел бірлігі мен тәуелсіздікті дәріптейтін ұлық мереке болып есептеледі.

Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында Республика күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылып, оқушылар мен педагогтер патриоттық сезімге толы өнерлерін ортаға салды. Концерттік бағдарлама мерекенің көркемдігі мен қуанышын арттыра түсті.

Мектеп ұжымы мен оқушылар еліміздің тыныштығы мен дамуын, мемлекетіміздің мәңгі жасай беруін тілейді.

Мереке құтты болсын! Қазақстанымыздың мәртебесі биік болсын!


https://www.instagram.com/p/DQPJIaWioXd/?hl=ru​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: