«Сандар және кодтар әлемі» онкүндігінің жабылу салтанаты өтті
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында «Сандар және кодтар әлемі» атты математика және информатика пәндері онкүндігінің жабылу салтанаты ұйымдастырылды.
Шараға мектеп ұжымы мен оқушылардың ерекше қонағы ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Мұхтарбай Өтелбаев қатысты.
Кездесу барысында профессор математика ғылымының өмірдегі маңыздылығы, табандылық пен еңбектің құндылығы туралы маңызды ойларымен бөлісті. Оқушылар мен ұстаздар өз сұрақтарын қойып, білімге шабыт алып, мотивация алды.
Сонымен қатар, академик Мұхтарбай Өтелбаев онкүндік жеңімпаздарына грамоталарды өз қолымен табыстап, олардың еңбегін жоғары бағалады.
Осындай кездесулер оқушылардың ғылым мен білімге деген қызығушылығын арттырып, болашаққа сенім мен мақсат қоюға ықпал етеді.
https://www.instagram.com/p/DQe6YsRCrTN/?hl=ru
