18
қараша
2025
«Таза Қазақстан» жобасы аясында – қағаз қалдықтары қайта өңдеуге тапсырылды
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатты қорғауға үлес қосу мақсатында оқушылардың қатысуымен қағаз қалдықтарын жинау акциясы ұйымдастырылды.
Акция барысында жиналған қағаздар арнайы қабылдау орталығына тапсырылып, оқушыларға қайта өңдеу процесінің маңызы мен қоршаған ортаға тигізер пайдасы түсіндірілді. Бұл игі шара балалардың экологиялық жауапкершілігін арттырып, табиғатты қорғауға бағытталған нақты қадам болды.
🌱 Таза ел – жарқын болашақ!
Іс-шараға белсенді қатысқан оқушыларға және қолдау білдірген барлық азаматтарға алғыс білдіреміз.
