Қалалық семинар: «Тыныс алу мүшелері» тақырыбындағы ашық саба
Жетісу ауданы 148 мектеп-гимназиясында Жаратылыстану пәні бойынша қалалық семинар өтті. Семинарға Алматы қаласының бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, тәжірибе алмасу және әдістемелік қолдау көрсету мақсатында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында 3 «В» сынып жетекшісі Садыкова Мейрамгүл «Тыныс алу мүшелері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар тыныс алу жүйесінің құрылымы мен қызметі жөнінде терең мағлұмат алып, тәжірибелік тапсырмалар арқылы білімдерін бекітті.
Семинар қатысушылары сабақтың мазмұны мен ұйымдастырылуын жоғары бағалап, мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен оқушылардың белсенділігін ерекше атап өтті.
Қалалық семинар мұғалімдердің кәсіби дамуына, өзара тәжірибе алмасуына және сапалы білім беру үдерісін жетілдіруге үлес қосты.
https://www.instagram.com/p/DRgFu1eCmgS/?hl=ru

