Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушылар «Қаржы сақшысы» республикалық ойынына қатысуда
15
желтоқсан
2025

Оқушылар «Қаржы сақшысы» республикалық ойынына қатысуда

Жетісу ауданына қарасты №148 мектеп-гимназиясында 10–11 сынып оқушылары «Қаржы сақшысы» компьютерлік ойынына белсенді түрде қатысуда.

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен 2025 жылғы 1–15 желтоқсан аралығында ұйымдастырылып отырған бұл республикалық шара «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өткізілуде.

Ойынның негізгі мақсаты — жасөспірімдердің қаржылық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қаржылық алаяқтықтың алдын алу бағытында білімдерін кеңейту. Атап айтқанда, қатысушылар:

  • қаржы пирамидаларының қауіптілігі,

  • дроппершілік әрекеттер,

  • цифрлық гигиена,

  • қауіпсіз интернет мәдениеті
    тақырыптары бойынша маңызды мәліметтер алуда.

Шара қорытындысы бойынша белсенділік танытқан оқушылар марапатталатын болады.
Мектебіміз оқушылардың қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және заманауи қаржылық білімін арттыруға бағытталған осындай маңызды бастамаларды толық қолдайды.

https://www.instagram.com/p/DSJ4wd5ChZE/?hl=ru​​​







Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: