Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Цифрлық қауіпсіздік әлемінде» атты сыныптан тыс іс-шара өтті
15
қазан
2025

«Цифрлық қауіпсіздік әлемінде» атты сыныптан тыс іс-шара өтті

Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында математика және информатика апталығы аясында информатика пәні мұғалімі Абилжанова Меруерт Хасенаевнаның ұйымдастыруымен 5-сыныптар арасында «Цифрлық қауіпсіздік әлемінде» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты — оқушылардың интернет пен цифрлық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану мәдениетін қалыптастыру, цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру және жас мобилографтарды дайындау болып табылды.

Оқушылар Canva және CapCut қосымшаларында постер мен бейнежоба әзірлеп, өз идеяларын қорғады. Сабақ барысында олар кибербуллинг, құпия сөздің қауіпсіздігі, фишинг, онлайн достық сынды өзекті тақырыптарды талқылап, шығармашылық тұрғыда ерекше жобалар ұсынды.

Іс-шара қорытындысы бойынша оқушылар келесі номинациялар бойынша марапатталды:

  • 5 «А» сыныбы«Киберқауіпсіздік сақшысы»

  • 5 «Ә» сыныбы«Цифрлық мәдениет үлгісі»

  • 5 «Б» сыныбы«Ең түсінікті баяндау»

  • 5 «В» сыныбы«Ең әдемі постер»

  • 5 «Г» сыныбы«Ең креативті топ»

  • 5 «Ғ» сыныбы«Ең әсерлі видео»

  • 5 «Д» сыныбы«Ең пайдалы кеңес»

Іс-шара барысында оқушылар цифрлық қауіпсіздіктің маңызын түсініп, интернет кеңістігінде жауапты және саналы қолданушы болудың қажеттілігін ұғынды. Шара оқушылардың цифрлық мәдениетін дамытуға, ақпараттық сауаттылығын арттыруға және заманауи технологияларды тиімді пайдалануға бағытталды.

https://www.instagram.com/p/DQe4P8mik7r/?hl=ru




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: