17
желтоқсан
2025
Желтоқсан рухы – игі істермен жалғасады
Желтоқсан желі бізге тек ызғарды ғана емес, еркіндікке деген ұмтылысты, қазақ жастарының қайсар рухы мен отансүйгіштігін еске салады. Тарихтан тағылым алған бұл рух – бүгінгі ұрпақтың бойына жауапкершілік пен белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастырады.
Осы орайда, мектебімізде жүзеге асырылып жатқан «16 игі іс» бастамасы – Желтоқсан рухының жалғасы. Аталған бастама оқушыларды мейірімділікке, жанашырлыққа, қоғамға пайдалы болуға үндейді. Әрбір игі іс – ортақ құндылықтарды нығайтып, ел болашағына деген сенімді арттыратын нақты қадам.
Жас ұрпақтың осындай игі істерге атсалысуы – тәуелсіз еліміздің жарқын болашағының кепілі.
https://www.instagram.com/p/DSJ-WGpDVyq/?hl=ru



