17
желтоқсан
2025
7 «Ә» сыныбында Тәуелсіздік күніне арналған ашық сынып сағаты өтті
Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясында 7 «Ә» сыныбымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ашық сынып сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараға қонақ ретінде Желтоқсан оқиғасының куәгері Сайлыгулова Ғайни Ахметовна шақырылды.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындыру, елін, жерін сүюге, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқушылар Тәуелсіздік пен Желтоқсан оқиғасына арналған өлеңдер оқып, тарихи мағлұматтармен танысты.
Қонақ өз өмірінен сыр шертіп, Желтоқсан күндерінің ауыр да тағылымды сәттері туралы естеліктерімен бөлісті. Кездесу оқушыларға терең ой салып, үлкен тәрбиелік мәнге ие болды.
Сынып жетекшісі: Алпамысова Г.А.
https://www.instagram.com/p/DSmQbguioXH/?hl=ru

