Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
желтоқсан
2025

Қош бол, қымбатты Әліппе!

Әліппе – білімге бастар алғашқы баспалдақ, әріптер әлеміне жол ашқан асыл қазына.
№148 мектеп-гимназиясында 1 «Д» сынып оқушылары үшін «Әліппемен қоштасу» атты мәнді де әсерлі шара өтті.

Оқушылар оқу жылы барысында әріптерді танып, буындап оқуды меңгеріп, үлкен білім жолына нық қадам басты. Бұл күн – олардың алғашқы оқу жетістіктерін қорытындылаған ерекше сәт болды.

Жас бүлдіршіндерге алдағы оқу жолында табыс, білімге деген қызығушылық пен талмай ізденіс тілейміз.
Алға, жас оқырмандар!

Сынып жетекшісі: Қалқанбай Аяулым Ардаққызы

Толығырақ Instagram парақшамыздағы сілтеме арқылы көре аласыз. https://www.instagram.com/p/DTQqS1ICnDl/?hl=ru









Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: