Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » VIII қалалық педагогикалық оқулар аясындағы мектепішілік іріктеу байқауы өтті
16
қаңтар
2026

VIII қалалық педагогикалық оқулар аясындағы мектепішілік іріктеу байқауы өтті

Жетісу ауданының №148 мектеп-гимназиясында 2026 жылға арналған VIII қалалық педагогикалық оқулар аясында мектепішілік іріктеу байқауы ұйымдастырылды.

Байқаудың негізгі мақсаты – педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, сондай-ақ аудандық кезеңге ұсынылатын үздік жұмыстарды іріктеу болып табылады.

Мектепішілік іріктеу байқауына 7 мұғалім қатысып, өздерінің шығармашылық және әдістемелік бағыттағы жұмыстарын ұсынды. Ұсынылған жұмыстар мазмұнының өзектілігі, тәжірибелік маңыздылығы және жаңашылдығы бойынша әділқазылар алқасы тарапынан бағаланды.

Іріктеу қорытындысы бойынша үздік деп танылған жұмыстар аудандық кезеңге жолдама алды.

Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс, кәсіби ізденіс пен толағай жетістіктер тілейміз!


Байқау туралы толық ақпарат пен фотоматериалдарды мектептің ресми Instagram парақшасындағы сілтеме арқылы көруге болады.

https://www.instagram.com/p/DToTb7-ikxg/?hl=ru​​​





















Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: