18
желтоқсан
2025
№148 мектеп-гимназиясының мұғалімі республикалық байқауда жүлделі орын иеленді
“Өрлеу” БАҰО” АҚФ “Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты” 2025 жылғы 12 желтоқсанда орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған республикалық «STEM-педагог» байқауын өткізді.
Байқаудың негізгі мақсаты – STEM білім беру саласындағы педагогтердің инновациялық тәжірибесін анықтау, қолдау және насихаттау.
Республиканың түкпір-түкпірінен қатысқан 100-ден астам педагогтің арасынан Жетісу ауданы №148 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Нургожина Ляйля Қасқановна жүлделі II орынды иеленді.
Әріптесімізді лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта шығармашылық табыс, кәсіби өсім және толағай жетістіктер тілейміз!
https://www.instagram.com/p/DSXFDcvClJG/?hl=ru&img_index=5



