Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ағылшын тілі апталығы «Ұлы Шекспир әлемі» тақырыбымен қорытындыланды
02
ақпан
2026

Ағылшын тілі апталығы «Ұлы Шекспир әлемі» тақырыбымен қорытындыланды

02.02 күні мектепте ағылшын тілі апталығының жабылу салтанаты «Ұлы Шекспир әлемі» тақырыбында өткізілді.

Іс-шара барысында оқушылар әлем әдебиетінің көрнекті өкілі Уильям Шекспирдің шығармашылығымен танысты. «Ромео мен Джульетта» трагедиясынан үзінділер сахналанып, кейіпкерлер бейнесі көркем әрі әсерлі түрде ұсынылды. Сонымен қатар, оқушылар Шекспирдің сонеттерін мәнерлеп оқып, көрермендерге рухани әсер сыйлады.

Ағылшын тілі апталығы аясында ұйымдастырылған барлық іс-шараларға белсенді қатысқан оқушылар мен сыныптар мақтау қағаздары мен грамоталармен марапатталды.

Аталған іс-шара оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттырып, мәдени-танымдық бағыттағы тәрбиелік мәні зор кеш ретінде өтті.

https://www.instagram.com/p/DUTgnNaihTx/?hl=ru











Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: