Хромосомалық аурулар тақырыбында интерактивті биология сабағы
«Жаратылыстану ғылымдары – зерттеулер мен инновациялар бастауы» атты жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының онкүндігі аясында биология пәнінің мұғалімі Гүлжан Мұхамбетқызы 10 «А» сыныбымен «Хромосомалар санының ауытқуымен байланысты адамның хромосомдық аурулары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылар хромосомалық ауытқулар мен олардың адамның денсаулығына әсері туралы терең білім алды. Мұғалім ғылыми зерттеу және талдау әдістерін қолдана отырып, оқушылардың белсенділігін арттырып, тақырыпты практикалық тұрғыда түсіндірді.
Ашық сабақтың мақсаты – оқушылардың биология саласындағы зерттеушілік және сыни ойлау қабілеттерін дамыту, заманауи педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану болды. https://www.instagram.com/p/DU034-sivYz/?hl=ru





