Алматы қаласы Білім басқармасының
«№148 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 2399663
Есепші бөлімі:
+7(727) 3847221
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ШАБЫТ ҮШТІГІ – ӘН, ҚИМЫЛ, ЕҢБЕК»: шығармашылық онкүндіктің ашылуы
16
ақпан
2026

«ШАБЫТ ҮШТІГІ – ӘН, ҚИМЫЛ, ЕҢБЕК»: шығармашылық онкүндіктің ашылуы


Мектебімізде Эстетика пәндері әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен «ШАБЫТ ҮШТІГІ – ӘН, ҚИМЫЛ, ЕҢБЕК» атты онкүндіктің ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнер мен еңбектің маңызын насихаттау, эстетикалық талғамын қалыптастыру және рухани-мәдени құндылықтарды дәріптеу.

Салтанатты жиында оқушылар ән шырқап, би билеп, қолөнер және еңбек бағытындағы шығармашылық жұмыстарын көпшілік назарына ұсынды. Көркемдік-эстетикалық пәндердің өзара байланысы мен тәрбиелік мәні айқын көрініс тапты.

Онкүндік аясында алдағы уақытта түрлі шығармашылық байқаулар, көрмелер, шеберлік сағаттары және ашық сабақтар ұйымдастырылмақ.


Іс-шара барысы туралы толығырақ ақпарат пен фотосуреттерді мектебіміздің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасынан тамашалауға болады. https://www.instagram.com/p/DU04anAiuHC/?hl=ru







Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: