Ашық сабақ: «Галогендердің қасиеттері»
Мектебімізде химия пәні мұғалімі Тәлен Салтанат Ибатқызы 10 «Ә» сыныбымен «Галогендердің қасиеттері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ STEM технологиясы негізінде ұйымдастырылып, білім алушылардың зерттеушілік, тәжірибелік және жобалық дағдыларын дамытуға бағытталды. Сабақ барысында оқушылар ғалымдар рөлінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп, технологтар ретінде виртуалды зертханада улы хлор газын алу үдерісін модельдеді. Сонымен қатар инженерлер тобы су тазарту қондырғысының макетін жасап, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырды.
Сабақ барысында білім алушылар белсенділік танытып, шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін көрсетті. Пән мұғалімі заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдана отырып, оқу мақсаттарына толық қол жеткізді.
Ашық сабақ жоғары әдістемелік деңгейде ұйымдастырылып, тәжірибе алмасу алаңына айналды.
Сабақ барысы туралы толық ақпарат пен фотоматериалдарды мектебіміздің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасынан көре аласыздар. https://www.instagram.com/p/DU4aGGEihsH/?hl=ru



















