«Ауған асуында от кешкендер» – ерлікке тағзым, ұрпаққа өнеге
Ауған соғысының аяқталғанына 37 жыл толуына орай мектебімізде «Ауған асуында от кешкендер» тақырыбында тағылымды кездесу ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа отансүйгіштік рух дарытып, бейбіт өмірдің қадір-қасиетін түсіндіру, ел тыныштығы жолында қызмет еткен азаматтардың ерлігін үлгі ету. Кездесу барысында сұрапыл соғысты көзбен көріп, оның ауыртпалығын бастан өткерген ардагер ағаларымызбен жүздесіп, олардың өмір жолы мен естеліктері тыңдалды.
Қонақтар өз сөздерінде әскери борыш, достық, қайсарлық пен елге деген адалдық туралы тағылымды ойларымен бөлісті. Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ерлік пен жауапкершілік жайында маңызды мағлұмат алды.
Мұндай мазмұнды кездесулер өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, тарихи сананы нығайтуға, бейбіт өмірдің құндылығын терең түсінуге ықпал етеді.
https://www.instagram.com/p/DU72HWYisjt/?hl=ru







