Ермек Шынболатовпен шабытты кездесу – өнерге бастар тағылымды кеш
Жетісу ауданына қарасты №148 мектеп-гимназиясында Эстетика пәндері әдістемелік бірлестігінің «Шабыт үштігі – ән, қимыл, еңбек» атты онкүндігі аясында мазмұнды әрі тағылымы мол кездесу кеші ұйымдастырылды.
Кештің құрметті қонағы – талантты актер Ермек Шынболатов болды. Кездесу барысында оқушылар өнер мен өмірдің сабақтастығы, шығармашылық жолдың қыр-сыры, сахна мәдениеті мен кәсіби шеберлік туралы құнды мәліметтер алды. Еркін форматта өткен сұхбатта білім алушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты.
Кештің әсерлі сәттерінің бірі – актердің Дәстүр 1 фильміндегі басты рөлді сомдау барысындағы тәжірибесімен бөлісуі болды. Ол кино түсіру үдерісіндегі қызықты оқиғаларды баяндап, табандылық пен үздіксіз еңбектің шығармашылық жетістікке жетудегі маңызын атап өтті.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушыларға ерекше әсер сыйлады. Осындай мазмұнды кездесулер жас ұрпақтың өнерге деген қызығушылығын арттырып, рухани дамуына оң ықпал етеді.
Мазмұнды кеш туралы толық ақпаратты мектептің Instagram-парақшаларынан көре аласыздар ➡️ https://www.instagram.com/p/DVaA7AeimmF/?hl=ru
https://www.instagram.com/p/DVNfLOGiiye/?hl=ru










